Аудан Әкімінің Тұрғындар Алдындағы Есеп Беру Кездесуі Барысында Айтылған Ұсыныстарды Іске Асыру Жөніндегі Іс-Шаралар Жоспарының Орындалуы Туралы (20.10.2020 Ж.)

Қараша 15, 2020

Аудан Әкімінің Тұрғындар Алдындағы Есеп Беру Кездесуі Барысында Айтылған Ұсыныстарды Іске Асыру Жөніндегі Іс-Шаралар Жоспарының Орындалуы Туралы (20.10.2020 Ж.)

Р/с Жоспарда көзделген 

іс-шара атауы

Жауаптылар Орындау мерзімі Орындалуы
1. Тұрғын үйді қайта жаңғырту бағдарламасы аясында Жаңатас қаласындағы көп қабатты тұрғын үйлерді жөндеу Аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі Тұрақты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1054 қаулысымен бекітілген «Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес күрделі жөндеуді қажет ететін кондоминиум объектілерінің үлесін төмендету көзделген. 

Осыған байланысты, Жаңатас қаласында орналасқан 12 көппәтерлі тұрғын үйлерге жалпы сомасы 236 013 795 теңгені құрайтын жобалық-сметалық құжаттары әзірленді. Республикалық бюджеттен қаржы бөлінген жағдайда жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарда бар.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы — 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында ағымдағы жылы аудан орталығында 939 228,0 мың теңгеге 90 пәтерлік 2 көпқабатты тұрғын үй жөнделуде.

2. Жаңатас қаласының Бүркітті және 5а (Шанхай) жеке тұрғын үй алқаптарындағы көше жолдарын орта жөндеу Аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі Жыл соңына дейін 2020 жылы аудан орталығының ұзындығы 8,3 км болатын 11 көшенің (Т.Рысқұлов, И.Тайманұлы, К.Әзербаев, Аяпов, Ғ.Мұратбаев, Ы.Дүкенұлы, Т.Бокин, Тоқтаров, Б.Момышұлы, А.Молдағұлова) жол жабындысына орта жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін аудандық бюджеттен — 154,9 млн теңге қаралып, барлық көшеге асфальт жабындысы төселіп, нысандар пайдалануға қабылданды.
3. Жаңатас қаласы ішімен өтетін Бүркітті өзенінің жағалауын тазарту Жаңатас қаласы әкімінің аппараты 2020 жылдың шілде айына дейін Бүркітті өзенің тазалау үшін «Сәулет» жеке кәсіпкерлігімен 7 096,8 мың теңгеге келісім-шарт жасалып, 2020 жылдың 25 ақпаны – 31 мамыр аралығында жалпы ұзындығы 7,38 шақырымды құрайтын Бүркітті өзенің тазалау жұмыстары жүргізілді.
4. Жайлаукөл ауылындағы су жүйелерін ағымдағы жөндеу Аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі Жыл соңына дейін Жайлаукөл ауылының ауыз су жүйесі 1967 жылдан бері пайдалануда. Ауылда 71 үй бар, оның 58-і үйі ауыз су пайдалануда. «Итекеде» орналасқан су скважинасынан Жайлаукөл ауылына дейін 11 шақырым су жеткізу желілерін ауыстыру үшін 22 млн.тенгеге сметалық құжаттары дайындалды. 

Жөндеу жұмыстары «Сарысу сулары» кәсіпорыны арқылы жүргүзілуде. Бүгінгі таңда, Жайлаукөл ауылындағы 11 шақырым ауыз су жеткізу жүйесі аяқталуға жақын. Толық аяқтау үшін су қысымын көтеру мұнарасын орнатуға 7,5 млн.тенге бөлінді.

5. Шағын және орта бизнесті дамыту бойынша жеке кәсіпкерлерге грант және несие алуға жәрдемдесу Аудан әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп бөлімі Жыл соңына дейін           «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында: 

—      екінші деңгейлі банктер арқылы несие алу үшін 35,0 млн теңгені құрайтын 3 жобаның құжаттары ұсынылды (Есқұлова Азиза — 5,0 млн.тг. — «Халық банкі», Абилдаева Рахат – 15,0 млн.тг. — «ВТБ банкі», Кузекбаева А. – 15,0 млн тг. — «ВТБ банкі»). Соның ішінде бүгінгі күнге 2 жоба мақұланды, шешімін күтуде.

—      кепілдік беру тетігін бүгінгі күнге 1-ғана жоба қолданып отыр. Жалпы кепілдік мөлшері жетпеген кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.

—      қайтарымсыз гранттық қаражаттар үшін өтетін конкурсқа қатысуға ниет білдірген ауданнан 64 жобаның құжаты облыстық кәсіпкерлік басқармасына ұсынылып, (о.і. 35 жоба өндіріс, 19 жоба жылыжай, 1 жоба балық шаруашылығы, 2 жоба құс шаруашылығы, 7 жоба қызмет көрсету саласына бағытталған) 4 жоба 15 млн теңгеге мақұлданды.

Жаңатас қаласы кәсіпкерлерін нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясындағы несиелік қаражаттармен қамту бойынша:

Тараз қаласындағы Халық банкіне 51,7 млн теңгені құрайтын 5 жобаның құжаттары ұсынылған. Соның ішінен, бүгінгі күнге 1 жоба 6,2 млн тг қаржысын алды (А.Охабеков), 1 жоба 12,0 млн теңгеге мақұлданды (Г.Мутляпова), 3 жоба қаралып жатса (Е.Ташкеев, Ш.Абжаппарова, П.Ерубаев), табысы тойханадан болуына байланысты 14 млн теңгені құрайтын 1 жобаны қараудан бас тартты (А.Усербай-Аянхолл).

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы берілетін несиелік қаражатқа Жаңатас қаласынан бүгінгі күнгі 105 млн теңгені құрайтын 18 жобаның тізімі ұсынылған. Пысықтау және құжаттарын жинақтау жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі күнге толық құжатымен 82 млн тг құрайтын 12 жобаның құжаттары ұсынылса, о.і. 7 жоба 40 млн теңгеге мақұлданды.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша.

Агрокредиттік корпорация арқылы 3 жоба 76,0 млн теңгеге мақұлданып қаржысын алды. Бүгінгі күнге қосымша 15 млн тг құрйтын 1 жоба қарауға ұсынуға дайын (АКК қаржының таусылуына байланысты жобаны қабылдамады).

Қаржыландырылған 3 жоба:

1.    «Мұрагер 3» ШҚ – 15 млн тг – ірі қара малын алу;

2.    «Жантөре Саудакент» ЖШС – 11 млн тг – егін егу жобасы;

3.    «Жеңіс» ШҚ – 50 млн тг – ірі қара малын алу.

Қосымша ақпарат – облыстың жоспарына сәйкес:

Бағдарлама бекітілілген кезде арнайы ұсынылған тізімге талдау жүргізіліп, несие алуға ниеттенген 36 аудан кәсіпкерлерінің тізімі жасалған болатын. Қаржы ұйымдарының талаптарына сәйкес, аталған тізім бірнеше рет жаңартылған. Кәсіпкерлерді жеке-жеке сүйемелдеу жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде ниеттенген 36 кәсіпкердің ішінен бүгінгі күнге:

—      7 азамат 2,5%-ық бағдарлама бойынша несиемен қамтылды;

—      11 азамат 2,5%-ық бағдарлама аясында Игілік пен Жайылма а/о арқылы алуға ниеттенді;

—      6 кәсіпкер «Еңбек» бағдарламасы бойынша қаржылай қолдау қоры арқылы несиемен қамтылды;

—      3 кәсіпкер осы бағдарлама аясында АКК-сы арқылы 76 млн теңге көлемінде несие алды;

—      5 азамат өзі бас тартты.

Бүгінгі күнге аталған бағдарлама аясында несие алуға ниетті нақтыланған 126 млн теңгені құрайтын 11 кәсіпкердің тізімі облыстық кәсіпкерлер палатасына және кәсіпкерлік басқармасына ұсынылды.

6. Шағалалы ауылындағы скважинаны толық іске қосып ауылға су беру Аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі Жыл соңына дейін Шағалалы ауылына жаңадан су құбырының құрылысын салуды қажет ететіндіктен Қазақстан Республикасы Құрылыс Нормалары және Ережелеріне сәйкес су құбырын тартудың жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеп, оны аккредиттелген сарапта ұйымдарына өткізуді және сараптама қорытындысын алуды қажет етеді. Осы жағдайларға байланысты облыстық бюджеттен жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге 2,5 млн. теңгеге бюджеттік өтінім берілді. Қаржылар бөлінген жағдайда ЖСҚ әзірленетін болады.
7. Шағалалы-Досбол бағытындағы жолды орта жөндеу Аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі Жыл соңына дейін 2018 жылы Сарысу ауданы әкімі және Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы арасында 2019-2021 жылдары жергілікті маңызы бар автожолдарды жөндеу бойынша «Жол картасы» бекітілген. Аталған «Жол картасына» сәйкес 2019 жылы – Саудакент ауылына кіре беріс жолын, 2020 жылы – Әбілда, Ұйым, Игілік, Өндіріс, Маятас, Көк дала-1 ауылдарының кіреберіс жолдарын, 2021 жылы – Жайлаукөл, ШЫғанақ, Қамқалы, Жайылма ауылдарының кіреберіс жолдарын және Жаңатас – Түркістан бағытындағы жолды жөндеу енгізілген. Шағалалы-Досбол елді мекендері бағыты бойынша кіреберіс жолға (9,2 шақырым) орта жөндеу жұмыстарын жүргізу 2022 жылға жоспарланған болатын. Алайда, тұрғындардың сұранысын қанағаттандыру мақсатында аталған бағыттың жолына орта жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін сметалық құжаттарын әзірлеуге жобалау ұйымына тапсырыс берілді. «Жұмыспен қамту жол картасы» бойынша бөлінген қаражат көлеміне сәйкес аталған бағыттың жолын жөндеу 2021 жылға жоспарланған.
8. Тоғызкент ауылындағы су мұнарасын іске қосу және ауыз су жүйесін кезен-кезенмен ауыстыру Аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі Жыл соңына дейін Тоғызкент ауылындағы су мұнарасы толыққанды жұмыс істеуі үшін жеке тұрғындарға есептегіш қондырғысын орнату бойынша «Сарысу сулары» кәсіпорны арқылы 19 млн бюджеттік өтінім берілді. 

Су жүйесі үйлерге кіргізілгеннен кейін, көшедегі су бөлу құрылғылары мен колонкаларды су жүйесінен ажыратып, су мұнарасы толық жұмыс істейтін болады.

9. Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына қарсы Жайылма және Қамқалы ауылдық округтерінде кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу Ауылдық округ әкімдері Жыл соңына дейін Кенеге қарсы қолданылатын аккарацидті препараттарды сатып алуға облыстық бюджеттен 16709,0 мың теңге бөлінді. Сонымен қатар, аудандық бюджеттен Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошағында орналасқан 18 елді мекендерінде тұратын аудан тұрғындарын қорғау жөніндегі эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізуге 5829,0 мың тенге қаржы бөлініп, белгіленген үш мерзімінде залалсысдандыру жұмыстары жүргізілді.
10. Бүркітті су қоймасының тозығы жетуіне байланысты жөндеу жұмыстарын жүргізу Аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі Жыл соңына дейін «Бүркітті» су қоймасының негізі 1976 жылы қаланған. Сыйымдылығы 8,3 млн. текше метрді құрайды. Бүгінде («Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында, 40 581,0 теңге) күрделі жөндеу жұмыстары басталып, тозығы жеткен 112 дана лоток (әр қайсы — 6,10 см.) ауыстырылды. Қазіргі таңда жұмыстар жүргізілуде.
11. Саудакент ауылындағы жеке меншіктегі стадионды коммуналдық меншікке алып, жөндеу жұмыстарын жүргізу Байқадам ауылдық округ әкімі, 

Аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі

Жыл соңына дейін Саудакент ауылы Жандыбаев көшесінде орналасқан «Жастар» стадионы 2019 жылдың 10 маусымында азамат Б.Нұрсүлейменов, Жаңатас қаласының тұрғыны О.Асиловтан 3 500,0 мың теңгеге жеке меншік иелігіне сатып алған. 2020 жылдың 17 маусымында аталған жерге Байқадам ауылдық округінің шешімімен уақытша өтеулі (жалға) пайдалану құқығы берілді. Осы орайда, нысанды коммуналдық меншікке алу мүмкіндігі жоқ.
12. Үшбас — Әшір Бүркітбаев ауылдары арасындағы 1,5 шақырым қар борайтын жолдын бөлігіне қалқан орнату Түркістан ауылдық округінің әкімі Жыл соңына дейін Қазіргі таңда 3,3 млн. теңгеге Ә.Бүркітбаев ауылы мен Үшбас ауылы арасына 1,5 шақырым қар борайтын жолдың 0,5 шақырым бөлігіне қалқан орнату жұмыстары жүргізіліп, аяқталды
13. Елді-мекендердегі интернет жылдамдығын жоғарлату мақсатында оптика талшықты желісін тарту Қала және ауылдық округ әкімдері, 

Казахтелеком

(келісім бойынша)

Жыл соңына дейін Ауданда телекоммуникация торабы арқылы интернет пайдаланып отырған — 1936 абонент бар. Интернет жылдамдығын жоғарлату мақсатында елді-мекендерге оптика талшықты желілер тарту жұмысының 90 пайызы атқарылды. 2020 жылдың соңына дейін ауыданның барлық елді-мекені жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілетін болады.
14. Елді мекендердегі тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарына қоршау орнату Аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі Жыл соңына дейін Аудан бойынша барлығы 23 тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару орындары (полигондар) белгіленген. Барлық полигондар тиісті құжаттарымен (шешім, жер актісі, т.б.) толық рәсімделген. 

Бүгінгі күнге, 3 ауыл аумағында орналасқан полигондардың аумағы қоршалған (Досбол, Шағалалы және Ұ.Сыздықбайұлы ауылдары).

Биылғы жылы Жаңатас қаласы және Саудакент, Ақтоғай, Жайылма, Ә.Бүркітбаев ауылдары полигондарының сыртын қоршауға аудандық бюджеттен 21 679,5 мың теңге қаражат бөлініп, мердігерлермен қоршау жұмыстары жүргізілді.

Бүгінгі күнге, 8 ауылдың (Жаңаталап, Ұйым, Маятас, Қызылдихан, Жайлаукөл, Шығынақ, Қамқалы, Әбілда) полигондарын қоршауға сметалық құжаттары әзірленіп, 42 325,8 мың теңге қаржы қарастыру 2021 жылға жоспарланған.