Тұрғындар өз ұсыныстарын жеткізді

Осындай есеп беру жиыны Қамқалы ауылдық округіне қарасты Қамқалы ауылында да өтті. Жиында округ әкімі А.Исабаев тұрғындар алдында өз есебін баяндаған соң, ауыл тұрғындары ұсыныс-пікір-лерін айтты.

Қамқалы ауылының тұрғыны, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Рысбаев Ұланбел-Шығанақ  аралығындағы жол көп жылдан бері жөндеу жұмыстарын көрмегендігін, соған ықпал жасаса деген ұсынысын жеткізсе, Т.Әубәкіров атындағы негізгі мектебінің мұғалімі А.Жакупова мектепте интернет желісінің жылдамдығы өте төмен екенін айтты.

Ауылдық округ әкімі А.Исабаев айтылған ұсыныстар бойынша тиісті орындармен байланысып,бұл мәселелерді шешу жолдарын қарастыратынын айтты.

Жиын барысында ауыл әкімінің есебін тыңдаған ауыл тұрғындары ауыл әкімінің жылдық есебіне  қанағаттанарлық деген бағаларын берді.