Тұрғындар оң бағасын берді

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» №190 Жарлығына сәйкес осы аптадан ауыл әкімдерінің есеп беру жиналыстары басталды.

Осы аптаның бейсенбісі күні ауыл әкімдерінің есеп беру жиналысы Досбол ауылдық округінің әкімі Нұрлан Молдабековтің есебімен Шағалалы ауылы Шағалалы орта мектебінде басталды. Басқосуға аудан  әкімі аппаратының басшысы Жұбаныш Халықбергенұлы Жарықбасов, облыс әкімдігінің бас инспекторы Самат Төрегелдиев және аудан әкімдігінің бөлім басшылары, ауыл тұрғындары, шаруа қожалық төрағалары қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселе-лерге байланысты Досбол ауылдық округі әкімі Нұрлан Молдабековтің 2018 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі тыңдалды.

Ауыл әкімінің есепті баяндамасы тыңдалып, ауыл тұрғындары қанағаттанарлық деген бағасын беріп,көкейлерінде жүрген ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

Ауыл тұрғыны, ақсақалдар алқасының төрағасы М. Жаманқараев: Ауыл әкімінің қорытынды есебін тыңдадық, ауылдағы мал шаруашылығы, ауыл шаруашылығы көрсеткіштеріне көңіліміз толды. Ауылдық округ әкімі есебіне қанағаттанарлық деген бағамды беремін.

Ауылда ауыз су мәселесі шешімін таппай келеді. Ауыл ащы су ішіп отыр. 2017 жылы ауылдың кіре берісіне ауыз суға ұңғыма бұрғылау жұмыстары жүргізілді. Осы қашан іске қосылып, халыққа пайдалануға беріледі?

Шағалалыға келетін 9 шақырым тас жол соғылғалы жөндеу көрген жоқ. Жаңбыр, қар әсерінен тозып, әр жерлері тесілуде. Осы жолға жөндеу жүргізуге ықпал етсеңіздер,-деді.

Аудан әкімі аппаратының басшысы Ж. Жарықбасов ауыз су мәселесі бойынша ауылға кіре берістегі қазылған ұңғыманы іске қосу бойынша жобалық сметалық құжаттары әзірленіп,  алдағы уақытта бұл мәселеде оң шешімін табатынын, ал жол мәселесі бойынша, ауданда жолдарды жөндеу жұмыстарына 10 млн. теңге қаржы қарастырылғандығын, жол жөндеу жұмыстары басталғанда Шағалалы ауылына дейінгі 9 шақырымдық жолға да жөндеу жұмыстары жүргізілетіндігін жеткізді.

Шағалалы негізгі мектебінің мұғалімі Ә. Оспанов: Елбасымыз өзінің халқына жолдауында 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялады. Ауылда жастардың бос уақытын өткізетін орындар тапшы. Осы ауылдың жастарының атынан ауылға  кіші футбол алаңын салып беруге ықпал етулерін сұрады.

Аудан әкімі аппаратының басшысы Ж. Жарықбасов кіші футбол алаңын салу үшін сметалық құжат әзірлеп, аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне ұсынуды ауылдық округ әкіміне тапсырды.

Ауыл тұрғыны Бақберген Мұқашев, малдарға сары ауруға қарсы дәрі егілсе, аудандық мәслихат депутаты Асанбай Сейналиев ауылға келетін жолдың екі шетіне грейдер жүргізілсе, арзан бағада азық-түліктер жәрмеңкесі өткізілсе, Оңлыәшім Дүйсенбеков бала санының өсуіне байланысты ауылда балабақша ашылса деген ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

Бұл ұсыныстарға өзінің пікірін білдірген аппарат басшысы жиынды қорытындылады.

Мемлекеттік баєдарламалардан ќолдау тауып отырєан ауыл

Есеп беру жиналысы Үлкен Көкдала ауылы Көкдала бастауыш мектебінде жалғасын тапты. Досбол ауылдық округі әкімі Нұрлан Молдабеков 2018 жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы есепті баяндамасын жасады.

Жиынға аудан әкімі аппаратының басшысы Жуаныш Жарықбасов, аудан әкімдігі бөлім басшылары және ауыл тұрғындары, шаруа қожа-лық төрағалары қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша, ауылдық округ әкімі Нұрлан Молдабековтің 2018 жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар есебі тыңдалып, тұрғындар көкейлерінде жүрген ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Ауыл тұрғыны, зейнеткер Қ.Елубаева ауыл әкімінің қорытынды есебіне  қанағаттанарлық деген бағасын беріп,  өзекті мәселенің бірі –  ауыз су мәселесі жайлы пікірін айтты.Ауыл тұрғындарының ащы су ішіп отырғанды-ғын, ауылдан бір ұңғыма қазылып берілсе деген ойын жеткізді.

Ал, екінші өзекті мәселе-жол мәселесі.Үлкен Көкдала ауылына келетін 1,5 шақырым жай жол қыста, көктемде еріген қар, жаңбыр суымен балшық болып кетеді. Адам аяқ алып жүруі мүмкін емес. Шығанақтан аудан орталығына қатынайтын автобус ауылдың ішіне кірмейді, жол жаман деп. Аялдамаға дейін 1,5 шақырым балшықты кешіп барып, автобусқа отырамыз. Осы мәселені шешіп берсеңіздер?-деген ұсынысын білдірді.

Аудан әкімі аппаратының басшысы Ж.Жарықбасов ауыз су мәселесі бойынша зерделеу жұмыстарын жасайтынын, ауылдың ортасына 1 ұңғыма қазу бойынша жобалық сметалық құжат әзірлеп, ұсынатын-дығын, алдағы уақытта ауыл орталығы-нан 1 ұңғыма қазу үшін жұмыстар жүргізілеті-нін айтты. Жол мәселесі бойынша, осы аталған 1,5 шақырым жолға шағал төсеу жұмыстары бойынша жобалық сметалық құжаттары әзірленіп жатқандығын, бұл мәселеде алдағы уақытта өз шешімін табатындығын айтты.

«Елдос-2004» шаруа қожалығының төрағасы Т. Наханов: – Ауыл әкімінің есебін тыңдадық. Онда айтылған ауыл шаруашылығы, әлеуметтік сала бойынша жетістіктерге қуанып отырмыз. Мемлекеттен шаруаларға көрсетіліп жатқан көмекті пайдаланудамыз. Биылғы жылы «Лизинг» бағдарламасы бойынша  «МТЗ-1221» тракторын алдым. Осының барлығы мемлекеттің бізге тигізген қолдауы деп білемін. Айтайын дегенім,  Көкдала ауылына баратын тас жолға  «Мал айдау» жол белгісін орнатуға ықпал етсеңіздер?! Себебі, қазіргі таңда ауылдық округте мал басы жылдан-жылға өсіп жатыр. Көлік жүргізушілері жол бойынан өткен малды жиі қағып кету оқиғалары көптеп болуда. Осы жағдайлардың алдын алуға көмектессеңіздер-деді.

Ұсыныс-пікірлерге жауап берген Ж.Жарықбасов айтылған сын – ескертпелердің алдағы уақытта шешімін табатынын жеткізді.

Сонымен қатар аппарат басшысы Ұлт денсаулығын сақтау-мемлекет назарын-дағы басты мәселе екендігін, медициналық сақтандыру халықтың денсаулығын жақсартуға бағытталғандығын және мемлекеттік бағдарла-малар бойынша несие алудың тиімді жолдарына да тоқталып өтті.