Аудан әкімі Б.Нарбаевтың 2018 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебі

Өнеркәсіп.

2018 жылдың қаңтар-желтоқсан айларының қорытындысы бойынша өнеркәсiп кәсiпорындары 19,4 млрд. теңгенің өнімдерін өндіріп, өнеркәсiп өнiмдерiнiң физикалық көлем индексi өткен жылмен салыстырғанда 103,0 пайызды құрайды деп күтілуде.

 Құрылыс.                                 

2018 жылдың қаңтар-желтоқсан айларының қорытындысы бойынша ауданда жүргізілген құрылыс жұмыстарының көлемі  6,2 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 125,0 пайызды құрайды деп күтілуде.

 Тұрғын үй құрылысы.

Ауданда 2018 жылдың қаңтар-қараша айларында жалпы алаңы 10 521,0 шаршы метр болатын 33 жеке тұрғын үй мен 1 коммуналдық көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріліп, тұрғын үй құрылысы көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 2,6 есеге артты.

(Жанатас қаласындағы №1 шағын ауданындағы 120 пәтерлік №34 тұрғын үй жөндеуден өткізіліп, кезекте тұрған азаматтарға пайдалануға берілген болатын).

 Инвестициялар.

2018 жылдың қаңтар-желтоқсан айларының қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 25,3 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,0 пайызға орындалады деп күтілуде.

 Бөлшек сауда тауар айналымы.

Қаңтар-желтоқсан айларының қорытындысы бойынша бөлшек сауда тауар айналымы 1,6 млрд. теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 104,3 пайызға орындалады деп болжануда.

 Көтерме сауда тауар айналымы.

2018 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында көтерме сауда тауар айналымы 8,4 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда болжаммен 110,0 пайызға орындалады.

 Ауыл шаруашылығы.

Қаңтар-желтоқсан айларында ауыл шаруашылығында өндiрiлген өнiм ағымдағы бағалармен есептегенде 10,4 млрд. теңгенi құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 102,2 пайызды құрайды деп күтілуде. Оның ішінде:

  • Егін шаруашылығы – 5,1 млрд. теңге;
  • Мал шаруашылығы – 5,3 млрд. теңге.

Егін шаруашылығы.

2018 жылы жалпы егістік көлемін 18390 гектардан 19560 гектарға жеткізу жоспарланған.Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1306 гектарға немесе 7,7%-ға артып отыр.

Ағымдағы жылы көктемде 5944,7 гектар масақты дәнді дақылдар себіліп, оның ішінде 2500,1 гектар күздік бидай, 2322,6 гектар жаздық арпа  және 1122,0 гектар дәндік жүгері, 7966,7 гектар майлы дақылдар, 220 гектар көкөніс, 300 гектар бақша, 126 гектар картоп, 5534,0 гектар көп жылдық шөп  орналастырылған.

4822,7 гектар масақты дақылдар, оның ішінде күздік бидай     2500,1 гектар, жаздық арпа 2322,6 гектар орылып, тиісінше               8680,9 тонна астық қамбаға құйылды (жалпы өнім 18,0 центнерден айналды).

Ағымдағы жылы 100,5 мың тонна мал азығы дайындалды.

7966,7 гектар мақсары дақылы орылып, әр гектарына 6,5 центнерден өнім алынды. Ауыл шаруашылығы құрылымдарында жалпы 5179 тонна көлемде майлы дақыл өнімі жиналып, облыстағы қайта өңдеу кәсіпорындарына өткерілді.

Ағымдағы жылы су үнемдеу технологиясының егіс алқабына енгізу көлемі аудан бойынша барлығы 100 гектарға жетті (тамшылатып суару). Тамшылатып суару технологиясы бойынша Жаңаталап ауылдық округінде «Жантөре-Саудакент» ЖШС-гі  45,0 гектар дәндік жүгері, 30,0 гектар пияз және 25,0 гектар бақша дақылдарын орналастырды. Өткен 2017 жылмен салыстырғанда  33,0 %-ға артып отыр.

Жүгері дақылын егуге ағымдағы жылы, аталған ауыл шаруашылығы құрылымы Сербия және Ресей Федерациясы елдерінен гибрид тұқымдарын алды.

Ауыл шаруашылығы құрылымдары  бақша дақылдарынан әр гектардан 250-251 центнерден өнім алып, халықтың тұтынуына, жәрмеңкеге және көтерме сауда орындарына өткізілді.

Аудан бойынша жалпы аумағы  0,6 гектар алқапта 1 жылыжай өнім беріп тұр, оның ішінде 2000 түп қияр, 3000 түп қызанақ егілген. Аталған жылыжай көлемін ұлғайту үшін қосымша жер учаскесінің құжаттарын рәсімдеуде. Алдағы уақытта құжаттар рәсімделіп біткен соң, жылыжай құрылысын бастап, қондырғылары орнатылатын болады. Қызанақ пен қияр дақылынан 1 және 2-ші жинау маусымынан орташа 400-450 ц/га өнім жиналып, жалпы түсім 15 тоннаны құрап отыр.

2019 жылдың өнімі үшін 2500,0 гектар алқапта күздік бидай тұқымы себілді.

2019 жылдың өнімі үшін егілетін күздік бидай дақылына 5 ауыл шаруашылығы құрылымдары отандық тұқым сапасын растайтын сертификаттары бар тұқым шаруашылықтарынан (Стекловидная 24) 55,0 тонна күздік бидай дақылының элита тұқымдарын сатып алды.

Ауданда егіс топырағының құнарлылығын арттыру бойынша да біршама жұмыстар атқарылуда, атап айтар болсақ:

– Ағымдағы жылы 2900,0 тонна фосфогипс алу жоспарланып, 1720,0 тонна фосфогипс алуға ауыл шаруашылығы құрылымдары келісім-шарт жасалды, 420,0 тонна фосфогипс алынды.

– Шаруашылықтар тарапынан алынған минералды тыңайтқыш көлемі осы  жылға ауданға – 384 тонна межеленіп, 740.0 тоннасы алынып, жоспар 192.8 пайызға орындалып отыр. Оның ішінде, 463,6 тонна (N) аммиакты селитра, 275.6 тонна (Р)  аммофос тыңайтқыштары.