Аудан әкімі Қ.Мәдібектің 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған құттықтауы

Мамыр 4, 2019

Құрметті Отан қорғаушылар!

Құрметті аудан тұрғындары!

Отан қорғау – қашанда қасиетті де қастерлі ұғым болған.

«Ер – елінің қорғаны» деп бағалаған дана халқымыз ержүрек жандардың істеріне сай сый-құрмет көрсетіп келеді.

1992 жылдың 7 мамырында Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының Қарулы күштерін құру туралы Жарлыққа қол қойды.

Бұл күні – Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, Ауғанстанның отты жолдарымен өткен ержүрек жауынгерлердің алдында тағзым етеміз. Қарулы күштер қатарында қызмет еткендер мен оның сапында жүргендерге құрмет көрсетеміз.

Маңызды мереке – мемлекеттің қоғамның және әрбір қазақстандықтың қауіпсіздігін, Отанымыздың тыныштығын қорғап жүрген ерлерімізді ұлықтайтын күн.

Бүгінде, Отан қорғаушылар күні – өз Отанын қадірлеп, оның тарихын құрметтейтін, ерлік пен жауынгерлік күшке ие барлық ерлердің ортақ мерекесіне айналды.

Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз.

Уважаемые жители района!

7 мая 1992 года Первый Президент Республики Казахстан Нурсултан Абишевич Назарбаев подписал Указ о создании национальных Вооруженных Сил.

Этот праздник объединяет всех, кто считает своим долгом честно и достойно служить своей стране. Патриотизм, любовь к Родине, готовность отстаивать ее интересы перед лицом внешних и внутренних угроз были и остаются высшими ценностями для каждого из нас.

Сердечно поздравляем вас с Днем защитника Отечества!

Желаем всем защитникам Отечества дальнейших успехов в службе, счастья и благополучия!

Құрметті аудан тұрғындары!

Баршаңызды батырлық пен ерліктің, шыдамдылық пен төзімділіктің мерекесі болған – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздерге мықты денсаулық, бақыт пен татулық, әрбір шаңыраққа ырыс-береке тілеймін!

Ержүрек ерлеріміздің бұл мерекесі елімізге әрдайым қуаныш пен бейбіт күн әкелсін.

Аспанымыз ашық, бейбіт өміріміз баянды болсын!