Атаулы әлеуметтік көмек

 

 

Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) – бұл жәрдемақы емес

Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) – бұл жәрдемақы емес,табысы аз отбасылардың қаржылық жағдайын жақсартуға және дағдарысты еңсеру үшін олардың ресурстарын ынталандыруға бағытталған қиын жағдайға тап болған азаматтарға мемлекет тарапынан қолдау көрсету.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекет басшысының ағымдағы жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауында айтылған тапсырмасына сәйкес АӘК ұсынудың жаңа тетіктерін әзірледі, олар мыналарды көздейді:

– АӘК көрсетуге арналған қолданыстағы шекті өлшемді сақтау, яғни, жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік күнкөріс деңгейінің 70%-дан аз отбасылар атаулы әлеуметтік көмек алуға жүгіне алады;

– АӘК отбасының барлық мүшелері үшін жан басына шаққандағы табыстар мен кедейлік шегі арасындағы айырмашылық ретінде анықталады;

– АӘК алатын отбасылардың еңбекке қабілетті мүшелері жұмыс істеуге тиіс. Олардың жұмысқа орналасуы үшін Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының барлық тетіктері қолданылады. Егер отбасының еңбекке жарамды мүшесі ұсынылған жұмыстан және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларынан бас тартса, онда АӘК төлеу тек оған ғана емес, бүкіл отбасына тоқтатылады;

– АӘК-тің әділдігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін азаматтар тоқсан сайын өтініштерін қайтадан ұсынады. Бұл қосымша құжаттарды жинауды талап етпейді. АӘК тағайындау үшін мемлекеттік органдардың деректер қорында толық мәліметтер болған жағдайда тек жеке куәлігін көрсету қажет;

– отбасының материалдық жағдайына тексеру жүргізу мерзімі 3 күннен 7 күнге дейін ұлғайтылды. Отбасы белгіленген критерийлерге сәйкес келмеген жағдайда учаскелік комиссия АӘК көрсетуге мұқтаждықтың жоқтығы туралы қорытынды шығарады, бұл уәкілетті орган тарапынан оны тағайындаудан бас тарту үшін негіз болады.

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда барлық көпбалалы отбасылар үшін олардың табысына қарамастан мемлекеттік жәрдемақы мен табысы аз отбасылардан шыққан балаларға арналған кепілдендірілген әлеуметтік пакет енгізілді.

 

*******

Адресная социальная помощь (АСП) – это не пособие, а государственная поддержка граждан, оказавшихся в трудной жизненной ситуации, направленная на улучшение финансового положения малообеспеченных семей и стимулирование их ресурсов для преодоления кризиса.

Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан в соответствии с поручением Главы государства, озвученным в Послании народу Казахстана от 2 сентября 2019 года, разработало новые механизмы предоставления АСП, которые предусматривают:

– Соблюдение действующего предельного размера на оказание АСП, т. е. семьи со среднедушевым доходом ниже 70% от регионального прожиточного минимума, могут обратиться за адресной социальной помощью;

– АСП определяется как разница между среднедушевым доходом и чертой бедности для всех членов семьи;

– Трудоспособные члены семей, получающих АСП, должны работать. Для их трудоустройства используются все механизмы государственной программы развития продуктивной занятости и массового предпринимательства «Еңбек». Если трудоспособный член семьи отказывается от предложенной работы и мер содействия занятости, то выплата АСП прекращается не только для него, но и для всей семьи;

– В целях обеспечения прозрачности и объективности АСП граждане ежеквартально предоставляют заявления на назначение адресной социальной помощи. Это не требует сбора дополнительных документов. Для назначения АСП необходимо предъявить только удостоверение личности при наличии полных сведений в базе данных государственных органов;

– срок проведения обследования материального положения семьи увеличен с 3 до 7 дней. В случае несоответствия семьи установленным критериям участковая комиссия выносит заключение об отсутствии необходимости в оказании АСП, что служит основанием для отказа в ее назначении со стороны уполномоченного органа.

С 1 января 2020 года в Казахстане для всех многодетных семей, независимо от их дохода, введены государственные пособия и гарантированный социальный пакет для детей из малообеспеченных семей.