Ардагерлер ардақталды

Мамыр 9, 2019

Биыл Ұлы Отан соғысына 74 жыл толды. Бұл-жанқиярлық ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген ерекше күн. Жеңіс күні-тарих төрінен орын алатын ұлы мереке. Халқымыз рухани жаңғыру үстінде. Бейбіт аспанымыздың астында қуатты мемлекет құрып, болашаққа сеніммен қарап отырмыз.    Ауданнан екінші дүние жүзілік соғысқа аттанған 1 мың 596 азаматтың 523-і майдан даласында  қаза тапса, 184 жауынгер із-түссіз жоғалған. Бүгінгі таңда, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің 4-і ғана көзі тірі ортамызда жүр.  Арамызда жүрген ардагерлерімізге құрмет көрсету мақсатында 7 мамыр -Отан қорғаушылар және Жеңіс күні мерекесіне орай, аудан әкімі Қанатбек Мәдібек бастап, мәслихат хатшысы, ардагерлер кеңесі және Жаңатас қалалық қорғаныс істер жөніндегі біріктірілген бөлімінің басшылары   Ұлы Отан соғысының ардагерлері Кемелбек Шәменов, Михаил Авдеев, Қабыл Ібіжанов және Мысалы Маханбетовтердің үйлеріне арнайы барып, сый-сияпат жасады.

Бұл игі дәстүр тек мереке күндері ғана емес, күнделікті құрметке лайық ерлерімізді марапаттау, құрметтеу, ерліктерін дәріптеу. Ардагерлер майдан даласындағы ерлік істерімен бөлісіп,  ұрпағымыз тыныш өмір кешсін деген ізгі ниеттерімен қонақтарға ақ баталарын беріп, алғыстарын жаудырды.