Ақсақалдың ақ батасы

Қараша 29, 2019
Тарихы тереңнен тамыр алатын Тараз топырағы, Жамбыл өңірі мәдениеттің мәйегіне айналып келеді. Тасын түртсең тарихы сөйлейтін бұл өлкенің мәдени құндылықтарды жаңғырту жолындағы атқарып жатқан тірліктері орасан зор. Аталмыш сала бойынша облыс 80 жылдың ішінде айтарлықтай жетістіктерге жетті дей аламыз.
Олардың қарапайым ғана көрінісін бір кездері үдере жабылған мәдениет үйлері мен кітапханалардың қайта ашылып, халық игілігіне қызмет етіп жатқандығынан да көруге болады.
Осы орайда Жамбыл облысының әрбір азаматын
80 жылдығымен құттықтаймын. Өңіріміз тәуелсіздік жылдарында облыс көптеген жетістіктерге жетті. Осының барлығы Жамбылдық тұрғындарының достығы мен бірлігінің арқасында болды.
Адамдардың арасындағы келісім барлық қиындықтарды еңсеруге көмектесті.
Облыста ірі индустриялық жобалар табысты даму үстінде, адамдардың әлеуметтік жағдайы жақсаруда.
Тарих үшін қас-қағым сәт саналатын тәуелсіздік алған ширек ғасырда еліміз елеулі жетістіктерге, толағай табыстарға жете білді.
Төрт жағымызды түгендей отырып, төрткүл дүниеге атымызды таныттық
Өнеркәсіп саласын алатын болсақ, бұл сала облысымызда тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап-ақ қарқынды даму жолына түсті.
Оған дейін тоқтап қалған өнеркәсіп орындарының дені іске қосылып, шағын кәсіпорындардың жұмысы қайта жанданды.
Өнім өндіру көрсеткіші жыл санап арта берді.
Жалпы қай салада болсын, қаласы не ауылы болсын тек қана даму үстінде. Дамыған ел, жаңарған жер деп біздің Жамбыл облысын айтуға болады.
Жамбылға барып келген сайын орталығы Тараздың түрленгенін көріп тек қана тәнті боламын.
Жарайсың Жамбылым, Жаңара бер. Өңір басшысы Асқар балама тек қана сәттілік, қанат қақт жобаларың көп болып, Жамбылдықтармен бірге жетістіктерге жете бер демекпін!
 
Құлыбек Майхиев, Түркістан ауылдық округі. Тыл ардагері.
 
#Zhambylgovkz #РСКЖамбыл #rsk_zhambyl #Жамбылоблысы #Жамбылскаяобласть #taraz #taraz_life #tarazcity #taraz_v_obektive #zhambyl #zhambylnews #zhambyl_tour #zhambylregion #regionzhambyl #Жамбыл #Жамбылтараз #тараз #таразлайф #таразвобъективе #таразонлайн #таразсити #80жылдық