«Әл Фараби мен Абай» ұқсастығы

Маусым 26, 2020

Байқау

«Әл Фараби мен Абай» ұқсастығы

Биылғы жылы Елімізде аталып өтіп жатқан Ұлы Ұстаз-Әбу Наср Әл Фарабидің -1150 жылдығы мен адамзаттың асылы, ойшылы-Абай Құнанбайұлының-175 жылдығы құрметіне аудан көлемінде көптеген жұмыстар атқарылып, іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Бүгін Сарысу аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен БАҚ күніне орай жариялаған «Әл Фараби мен Абай» ұқсастығы атты байқауының қортындысы шықты.
Аталмыш байқау туралы 25-мамыр күні аудан әкімдігінің арнайы парақшаларында бір ай көлемінде хабарландыру жарияланды.
Нәтижесінде бүгін бұқаралық ақпарат күніне орай жеңімпаздар анықталды. Әл-Фараби және Абай Құнанбайұлының өмір жолы мен еңбектерін зерттеу, бейнетүсірілім жасау, қызықты деректер жинақтау басқа да жан-жақты ізденістен туындаған шығармалар арасынан арнайы құрылған комиссия әр бағыт бойынша бірінші орынға аудандық «Сарысу» газетінің аға тілшісі Камели Сүлейменованың, мәдениет үйінен Күләш Байтұрсынованың, кітапхана ісінің үздігі Светлана Қожаназарованың, «Қаратау» тау-кен өңдеу кешенінің қызметкері Диханбай Ақділданың, Абылайхан атындағы мектеп лицейінің ұстазы Айгерім Әділханованың, жұмыспен қамту орталығының қызметкері Назира Шоңбаеваның шығармашылығын лайық деп тапты.
Сондай-ақ екінші және үшінші орындарға да қатысушылар іріктеліп, қалғандары ынталандыру сыйлықтарына ие болды. Жалпы байқауға атсалысқан барлық қатысушылар түгелдей марапатталды.
Жеңімпаздарды аудан әкімінің орынбасарыф Лаура Нұрмаханова құттықтап, барлық сақтық шараларын сақтай отырып марапаттады.