Әкім бол, халқыңа жақын бол

Наурыз 11, 2019

Халық және әкім

Ұлы Даладағы ұлы  бабаларымыз: «Әкім бол, халқыңа жақын бол», деген дана өсиетті кейінгі ұрпағына бекерден-бекер қалдырмаса керек. Себебі, сені халқың, елің, жұртың Әкім етіп, сенім артып сайлаған соң соған лайық болған абзал. Әрине, оған білім, ғылым, адамгершілік, даналық деген қағидаттар Әкімнің бойында болғанда ғана, халқының мұңын мұңдап, жоғын жоқтай алады.

Сарысу ауданының 2018 жылғы  әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштері мен  2019 жылдағы  аудан, қала, ауылдық округтердің алдағы атқаратын жұмыстары туралы халық алдында әкімдер  есептерін берд і.

Сарысу өңірінің барлық ауылдық округтеріндегі және Жаңатас қаласындағы өткен әкімдердің есебіне қатысып, журналистік сараптама, талдау жасағандағы ой негізінен мынаған саяды.

Бірінші: ауыл округ әкімдерінің есебі, сонан соң аудан әкімі Нарбаев Балабек Жанбекұлының есебі тыңдалып, талқыланып жатады. Ауыл тұрғындары ауыл әкіміне аз ғана сұрақтарын айтып болған соң, негізгі салмақ аудан әкіміне түсіп жататынын әкімдердің есеп беру жиындарында аңғардық. Ол заңдылық та. Себебі, аудан әкімінен Сарысу ауданыда  алдағы жылдары  атқарылатын жұмыстар туралы  білгілері келетіні ақиқат.

Аудан әкімі өзінің халық алдында берген  есептерінде  жан-жақты тиянақты даярлықпен келіп,  ауыл тұрғындарының сұрақтарына тиянақты жауап беріп, тұрғындарға «атқарылмайтын құрғақ уәд е бермейтіндігін», атқарылатын  істерге ғана уәде беретіндігін есеп беру жиынында  аңғардық әрине,  «Құрғақ   уәде» халық пен әкім арасындағы сенімге сызат түсіреді. Аудан әкімі Б.Нарбаевтың аудан халқының арасындағы есебі шынайы, ашық деңгейде өткеніне көзіміз жетті.

Әрине, аудан әкімінің сенімді өкілі саналатын қала, ауылдық округтердегі әкімдер де өз есептерінде мүмкіндігінше жалғандықпен «құрғақ»  уәдемен қала, ауыл тұрғындарын жыл сайын мезі етуден жалыққан болуы керек, олар да алдағы уақытта атқарылатын шынайы іс-әрекеттің болатынын есепті баяндамаларында айтып жатты.  Ұлы даналарымыз: «Өтірік өрге баспайды» деген ұлағатты өсиетін ұмытпағанымыз абзал. Бір айға созылған аудан, қала, ауыл әкімдерінің есебі барысында ауданның «саясаткер», «белсенді» тұлғаларының  аузынан шыққан «дуалы» сөздерінің  де жел сөзге айналғанын да көзімізбен көрдік.

Мәселен: Байқадам ауылдық округінде өткен аудан және ауылдық округі әкімінің есебінде аудан әкіміне «қисынсыз» сұрақтар қойылуы, «атқармаған істерін», «орындамаған уәделерін» беттеріне басып айтады деген алып қашпа сөздер желдей ескен болатын. Бірақ, шындықтың аты, шындық аудан әкімі Б.Нарбаев Байқадам ауылдық округіндегі халыққа берген есебінде, халық қойған сұрақтардың барлығына нақты, дәйекті мысалдар келтіре отырып, еш бүкпесіз  жауап берді. Жиын барысында аудан әкіміне

Саудакент ауылының тұрғыны:

-Сіз, неге Жаңатас қаласындағы атқарылып жатқан қомақты істерді ғана  тізбелеп шықтыңыз, ал Байқадам округінде алдағы уақытта атқарылатын істерге аз тоқталдыңыз деген сұрағына, аудан әкімі:

-Себебі, Жаңатас қаласының 50 жылдық мерейтойы тойланады, сондай-ақ қалаға жан-жақтан қонақтар, туристер әсіресе инвесторлар келетін болғандықтан қаланың әсем де көрікті болуы қажет.

Мен, Саудакент өңіріндегі округтерді соның ішінде Байқадам округін бөліп қарамаймын. Жаңатас қаласын дамытумен қатар, алдағы уақытта Байқадам ауылдық округінің дамуына да күш салатын боламыз.

Аудан әкімі Б.Нарбаевтың аудан көлеміндегі өткізілген халықпен кездесуі өз деңгейінде өтті деп толық айта аламыз. Әрине, жұмыс болған жерде кемшіліктердің де болатынын аудан басшысы халықпен кездесуінде еш жасырып, бүркемелеген жоқ. Аудан көлемінде атқарылған жұмыстар мен алдағы атқарылатын жұмыстарды халыққа жеткізе білді.

Аудандық мәдениет үйінде өткен аудан әкімінің есебіне де алдын ала «сәуегейлік» танытқандары да болды. Жалпы  аудан халқы аудан әкімі Б.Нарбаевтың атқарып жатқан жұмыстарына оң бағаларын берді. Қорытынды есеп беру жиынында  аудан халқының берген сұрақтарына аудан әкімі салауатты жауап беріп, халық өзінің мұң-мұқтаждарын аудан әкіміне бүкпесіз жеткізіп жатты.

Есеп беру жиыны барысында кейбір ауданның белсенді азаматтары «жеке бастың мүддесін» қорғайтын, санаға сыймайтын сұрақтарға да аудан әкімі Б.Нарбаев өте ізеттілікпен, сабырлықпен  жауап берді. Аудан әкімі Б.Нарбаевтың халық алдында берген жылдық есебі өз деңгейінде өткенінің куәсі болдық. Жиынға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Е.Дауылбаев аудан әкімінің жылдық есебімен алдағы атқарылатын жұмыстарына оң бағасын берді.  Аудан әкімі Б.Нарбаев халықты «құрғақ уәдеге» тойдырмай аудан халқымен бірге, ашық, нақты іс-шараларды атқаратынына сеніміміз мол.