Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстанның өңірлерінде қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша дәрістер циклына бастама жасады

Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру шеңберінде Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстанның өңірлерінде «Қаржылық сауаттылық: заманауи қоғамдағы рөлі» тақырыбына қаржылық сауаттылық бойынша дәрістер циклын өткізуді қайта бастайды. Алғашқы дәрістер 26 маусымда Қарағанды қаласында басталады. Бұл жобаның негізгі мақсаты Қазақстанның бүкіл өңірлеріндегі тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған кең ауқымды ақпараттық-түсіндірме науқанын өткізу болып табылады.

Қаржылық сауаттылық бойынша дәрістер циклы шеңберінде тыңдаушылар жеңіл және қолжетімді форматта қаржы нарығының жұмысы, қаржы институттары және олар ұсынатын өнімдер, сондай-ақ оларды пайдалану дағдылары туралы, танымал қаржы құралдары туралы, жеке бюджетті сауатты басқару қажеттілігі туралы, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесі және көптеген басқа мәселелер туралы біле алады.

Дәрістер мемлекеттік тілде және орыс тілінде Қазақстанның 8 қаласында өткізіледі:

  • Қарағанды – 26 маусым
  • Өскемен – 15 шілде
  • Тараз – 19 тамыз
  • Шымкент – 21 тамыз
  • Талдықорған – 23 тамыз
  • Алматы – 26 тамыз
  • Қостанай – 16 қыркүйек
  • Нұр-Сұлтан – 2 қазан.

Спикерлер ретінде Қазақстан Ұлттық Банкі аумақтық филиалдарының өкілдері, өңірлік БАҚ-тың белгілі журналистері және жетекші қаржы ұйымдарының өкілдері сөз сөйлейді.

Дәрістерге кез келген ниет білдіруші келе алады. Мына телефон бойынша жазылуға болады: +7-707-188-2607. Қатысу тегін.

Осындай дәрістер циклы Қазақстанның өңірлерінде 2018 жылы өткізілгенін еске саламыз. Ол кезде дәрістерге 1000-нан астам адам қатысты, олар қысқа мерзім ішінде қаржылық сауаттылық негіздері, қаржы жүйесі және негізгі қаржы өнімдері туралы білді.

 

Қаржылық сауаттылықты арттыру жөніндегі іс-шаралар туралы толығырақ ақпаратты мына телефондар бойынша алуға болады: +7-727-2704-697, +7-727-2788-121 e-mail: fingramota@nationalbank.kz www.nationalbank.kz

 

 

ҚР Ұлттық Банкінің

Жамбыл филиалы