60 отбасы баспаналы болды

Наурыз 11, 2019

Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың  әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында халыққа сапалы  қызмет көрсету, тұрғын үй  жағдайын жақсарту  Қазақстанның кез-келген елді мекенде рінде жайлы, қауіпсіз өмір сүру жайлы айтылған.  Сонымен қатар, «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуі, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында республикалық, облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, аталған бағдарлама аясында  Жаңатас қаласындағы бос тұрғын үйлерді қалпына келтіру бағытында жұмыстар атқарылуда. Бүгінде жаңарған шаһарымызда  1900 азамат пәтер кезегінде тұр. 2012-2018 жылдар аралығында 8  үйдің құрылысы аяқталып, 720 азамат қоныс тойын тойлаған болатын. Осы үрдіс жалғасын тауып, мереке қарсаңында 1- шағынаудандағы №5 үйден 60 отбасы баспаналы болды.

Қоныстойда облыс әкімінің орынбасары  Бекболат Орынбеков құттықтау сөз сөйледі:

– Бүгін біз жаңа пәтерлердің кілтін табыс етіп отырмыз. Бұл Президентіміздің Жолдауларында, “Рухани жаңғыру” бағдарламасы мен  «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуі, «Нұр Отан»  партиясының XVIII съезінде қамтылған. Құрметті сарысулықтар және Жаңатас қаласының тұрғындары мереке қарсаңында 60 пәтерлі үйдің қоныс тойын тойлағалы отырсыздар. Ең біріншіден 2018 жылы Жаңатас қаласында мемлекет тарапынан 120 пәтер халық игілігіне берілген болатын. 60 пәтерлі үйдің ішінен 33 пәтері жағдайы төмен көпбалалы отбасыларына беріледі. 8 пәтер қамқорлықсыз қалған балаларға беріледі.19 пәтер бюджеттік мекемедегі азаматтарға және19 пәтердің ішіндегі бюджеттік салада жұмыс істейтін көпбалалы аналарға 5 пәтер беріледі.

Жамбыл облысының әкімі А.Мырзахметовтың халық алдындағы есебінде облыс көлемінде 2019 жылы 6  жатақхананың құрылысын бастаймыз. Оның ішінде  Тараз қаласында 3 жатақхана, Жаңатас қаласында 1 жатақхананың, Қаратау қаласында 1 жатақхана, Шу қаласында 1 жатақхана құрылысы басталады. Жаңатас қаласында жыл сайын  көп қабатты үйлер халық игілігіне берілуде. Облыс бойынша арендалық тұрғын үй кезегінде 23 762 азамат тұр, олардың 13 мыңнан астамы әлеуметтiк жағынан аз қамтылған отбасылар.

Осы жандарды тұрғын үй кезегі жеткенге дейін өңірде жатақханамен қамту жұмыстары қолға алынуда.

Биыл 6 жатақханада 400-ге жуық аз қамтылған және көпбалалы отбасын қоныстандыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, биыл 23 млрд. теңгеге 28 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, 2000 адамды пәтермен қамту көзделіп отыр. Елбасы «Нұр Отан» партиясының кезекті съезінде Елбасы Үкіметке бірқатар тапсырма берді. Солардың бірі – «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жағдайы төмен көпбалалы отбасыларға арналған 40 000-нан аса жалдамалы тұрғын үй салу.

Елбасы ол үшін жыл сайын қосымша 50 млрд. теңге бөлінетінін мәлімдеді.

Елбасының өз сөзінде «Биыл әлеуметтік салаға республикалық бюджеттің 45 пайызы жұмсалмақ. Бірақ әлеуметтік блокта бірқатар мәселе бар. Сондықтан мен халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін Ұлттық қордан ақша бөлу туралы шешім қабылдадым»-деді. Мемлекет басшысы көпбалалы және толық емес отбасыларға, мүгедек балалары бар отбасылар мен аз қамтылған отбасыларға пәтер сатып алуды қолжетімді етуді тапсырды. Сонымен қатар көпбалалы отбасындағы әрбір балаға 21 мың теңге төленетіні көңілге қуаныш ұялатады. Сондай-ақ, 1 шілдеден бас-тап бюджет саласындағы айлығы төмен қызметкерлердің жалақысын 30 пайызға арттыруды тапсырды. Елбасы осы съезде әлеуметтік экономикалық мәселелердің барлығын назардан тыс қалдырмады. Құрметті аудан тұрғындары қоныстой құтты болсын. Елбасы Н.Назарбаевтың, облыс әкімі А.Мырзахметовтың атынан 8 наурыз -Халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймын,-деді.

Одан кейін сөз алған аудан әкімі Б.Нарбаев:

-Көктемнің алғашқы мерекесі 8 нау-рыз –Халықаралық әйелдер күнінің қашан да  орны ерекше, мәні бөлек. Баршаңызды әдемілік пен нәзіктіктің  мәңгілік белгісі іспеттес, мейірімі мен сұлулығы мол мерекемен құттықтаймын. Жыл сайын ауданымыз көркейіп келеді. Елбасы Н.Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдаулары мен үндеулері аясында үйді жөндеу барысында аянбай еңбек еттік. Барлығы да тұрғындардың қуанышы үшін жасалынып жатқан игі іс,-деді.

Сонымен қатар, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Ор ынбаев пәтер кілтін қолдарына алған тұрғындарды құттықтады.

Жаңа пәтерге ие болғандардың бірі А.Бейімбетова мереке қарсаңында баспаналы  болып, шаттыққа кенелді.

-Мен төрт баланың анасымын. 2012 жылдан пәтер кезегіндемін. Мереке қарсаңында баспаналы болдым.  Елбасының  сарабдал саясаты аясында ауданымызда қолжетімді тұрғын үймен,сапалы біліммен және студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету,кәсіпкерлікті қолдау және жұмыспен қамтылып келеді. Облыс, аудан әкімдеріне рахметімді жеткізгім келеді,-деді.

Одан кейін Ж.Есжанова:- Мен 6 баланың қамқоршысымын. Елбасына, облыс әкіміне және аудан әкіміне аналық алғысымды білдіремін. Сарысу ауданы күннен-күнге дамып, көркейе берсін, – деді.

№5 үйдің құрылысын «Бер-Нұр – Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізді. 1 бөлмелі 5 пәтер,  2 бөлмелі  35 пәтер, 3 бөлмелі  20 пәтер бар. Заманауи үлгімен толықтай жабдықталған.

Облыс әкімінің орынбасары Б.Орынбеков,аудан әкімі Балабек Нарбаев, аудандық мәслихат хатшысы С.Бегеев, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Орынбаев баспана кезегінде тұрған тұрғындарға салтанатты түрде  пәтер кілтін табыс етіп,  №5 үйдің ашылу лентасын қиды.