6 шілде-Елорда күні! Аудан әкімі Қ.Мәдібектің  6 шілде-Елорда күні мерекесіне арналған құттықтауы

Шілде 6, 2019

Құрметті аудан тұрғындары!

Сіздерді, еліміздің жүрегі, береке-бірлігіміздің тірегі болған Елорда күнімен және Ұлы мұрамыз ұлықталған Ұлттық домбыра күнімен шын көңілден құттықтаймын!

Елорда мейрамы – бұл бүкіл қазақстандықтар үшін маңызы зор айтулы оқиға.

Себебі, тәуелсіздігіміздің тірегі, Отанымыздың жүрегі болған бас қаламыз арқылы Қазақстан өзінің еңсесін тіктеген ел екенін жер-жаһанға паш етті.

Бүгінде, астанамыз – халқымыздың айбыны, егемен еліміздің символы, зор мақтанышына айналды.

Болашақты болжай білген Тұңғыш Президентіміз – Елбасының батыл да ұлы идеясымен дүниеге келген Елордамыз қазақ елінің мерейін асқақтатып, сәулетті сұлулығымен таңғалдыруда.

Астананың қазіргі күн санап биіктей түскен еңсесінен тәуелсіздігіміздің тегеурінін, еліміздің елдік қасиетін, жасампаздықтың жаңғырығын айқын байқауға болады.

Ерке Есілдің бойында жаңаша сәу-летпен бой түзеген әсем қала алыс-тан көз тартып, көңіл баурайды. Сондықтан да, оның ертеңіне де барлық қазақстандықтар үлкен үмітпен қарап, бүкіл әлем қызыға көз тігуде.

Осы орайда, Астананы құру мен оны асқақ армандар ұштасатын бас қалаға айналдырудағы Елбасының ұшан-теңіз еңбегі ескеріліп, «Астана» – «Нұр-Сұлтан» болып қайта түледі. 

Бүгінде, егемен еліміздің барлық өңірлері Елордамызға қарап бой түзеп келеді. Олардың қатарында Сарысу да бар.

Барлық салада оң өзгерістер байқалуда. Қалада жол жөндеу, коммуналдық саланы жетілдіру, қоғамдық орындарды абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Көп қабатты тұрғын үйлер қайта қалпына келтіріліп, Аудан орталығы жаңаша келбетке ие болып келеді. 

Құрметті сарысулықтар!

Осынау қуанышқа толы мереке күні Сіздерге зор денсаулық, шаңырақтарыңызға құт-береке, бастамаларыңызға сәттілік тілеймін!

Еліміз аман, жұртымыз тыныш, Тәуелсіздігіміз баянды болсын!

Еңселі Елордамыз бен өңірлеріміз өркендей берсін!