287 адамға қайтарымсыз грант беріледі

Қыркүйек 14, 2020

Сарысу ауданында жұмыссыздар үшін нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда. Аталған «Еңбек» бағдарламасы 3 бағыт аясында жұмыс жасайды. Бағдарламаның 1 бағыты қысқа мерзімді кәсіптік оқубойынша 2020 жылы 131 азамат оқуға жолданды, 11 адам оқуларын аяқтап, 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. 2 бағыт жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша шағын несие алу үшін 55 адам қаржы ұйымдарына жолдама алды. Оның ішінен 18 азамат шағын несие алды. Қосымша жаңадан 10 жұмыс орны ашылды. Жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін қайтарымсыз мемлекеттік грант 200 адамға берілді. Грант алғандардың ішінен 16 азамат мемлекеттік кірістер басқармасына жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, 184 адам бірыңғай жиынтық төлем төлеу арқылы жұмыстарын жүргізуде. Жыл аяғына дейін қосымша 287 адамға қайтарымсыз грант беру жоспарланған