Сарысу ауданы әкімінің аппараты Сарысу ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру жариялайды

Жарияланған күні: 03.07.2017 ж.

Конкурс туралы хабарландыру мәтініне персоналды басқару қызметі жауапты

Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

                       

Е-R-1 санаты үшін: жоғары білім;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау органдарының орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлер құрамынан төмен емес немесе әскери атағында кіші офицерлер құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейдегі, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

 

Е-3 санаты үшін: жоғары білім;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, C-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) B-6, C-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана,    аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

 

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары

Санаты Лауазымдық  жалақысы  қызмет  өткерген

жылдарын есептегенде

 теңгеден теңгеге дейін
1 Е-R-1 142.412 192.382
2 Е-3 102.437 138.248

Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімінің аппараты, 080700, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы Бейбітшілік көшесі, №1, 12 кабинет, анықтама  үшін телефондар, код:  8(72634) 63110, 61517, факс 63110, 61517, электрондық пошта: sarysu_kadr@mail.ru, Сарысу ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

 

  1. Сарысу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы — 1 бірлік, санаты Е-R-1, (№02-02).

Функционалдық міндеттері:

Бөлімнің жұмысына басшылық жасайды. Аудан аумағындағы құрылыс, күрделі жөндеу жұмыстарын жоспарлайды, ұйымдастырады және жүргізеді. Қаланың және аудандағы елді мекендердің бас жоспарларын дайындайды, құрылыс жобалық жұмыстарын үйлестіреді, орындалуын қадағалайды. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарларын, кешенді даму бағдарламаларын жасауға қатысады, сәулет және құрылыс саясатын іске асырады. Бөлімнің құзыретіне енетін мәселелер бойынша аудан әкімдігі мен әкімінің актілерінің жобаларын әзірлейді. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы бағдарламалардың орындалуына бақылау жасайды. Қаланың және аудандағы елді мекендердегі құрылыс жобалық жұмыстарының орындалуын қадағалайды. Аудан көлеміндегі көріктендіру, көгалдандыру, санитарлық тазалау және елді мекендерді абаттандыру жұмыстарын үйлестіреді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: Техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе өнер саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы.

Мамандығы: Құрылыс немесе құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру немесе сәулет немесе мемелекеттік және жергілікті басқару.

«Қазақстан-2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Жеке тұрғын үй құрылысы туралы» Заңын және функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

 

  1. Сарысу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы — 1 бірлік, санаты Е-R-1, (№02-07).

Функционалдық міндеттері:

Бөлімнің жұмысына басшылық жасайды. Халықтың арасында дене тәрбиесін ұйымдастыру, спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізуді жүзеге асырады. Бөлімнің құзыретіне енетін мәселелер бойынша аудан әкімдігі мен әкімінің актілерінің жобаларын әзірлейді. Дене тәрбиесі, спортты дамыту мәселелері бойынша аудан әкімдігі мен әкімінің актілерінің орындалуына бақылау жасайды. Дене шынықтыру және спорт саласы бойынша бағдарламалардың орындалуын бақылайды. Меншік түріне қарамастан барлық мемлекеттік органдардағы дене шынықтыру мен спортты дамыту жұмыстарын үйлестіреді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: Білім саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе құқық саласындағы немесе қызмет көрсету саласындағы.

Мамандығы: Дене шынықтыру және спорт немесе бастапқы әскери дайындық немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе құқық саласындағы (жалпы) немесе туризм.

«Қазақстан-2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңын және функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

 

  1. Сарысу ауданы әкімі аппараты персоналды басқару қызметі бөлімшесінің бас инспекторы — 1 бірлік, санаты Е-3, (№01-08-02).

Функционалдық міндеттері:

Қала және ауылдық округ әкімі аппараттары мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің кадрлық есеп бойынша жеке іс қағаздарын және анкеталарын жүргізеді. Мемлекеттік наградалар бойынша, оның ішінде көп балалы аналардың құжаттарын дайындайды. Аудан әкімінің марапаттауларын дайындайды. Жергілікті аймақтардан аудан әкімінің атына түскен «Құрметті азамат» атағына ұсыныстарды жинақтап, материалдарды дайындайды. Сарысу ауданы әкімі аппарат қызметшілерінің әскери есебін жүргізеді.

Қала және ауылдық округ әкімі аппараттары мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің кадрлық мәселесі бойынша жұмыстарының орындалуын қадағалайды.

Өз құзыреті шегінде қала және ауылдық округ әкімі аппараттары мен әкімдік бөлімдеріндегі мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің әскери міндеттілік және әскери қызметке байланысты жұмыстарын үйлестіреді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: Техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы немесе білім саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар,  экономика және бизнес саласындағы немесе гуманитарлық ғылымдар саласындағы немесе қызмет көрсету саласындағы немесе құқық саласындағы.

Мамандығы: Техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы (жалпы) немесе ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы (жалпы) немесе білім саласындағы (жалпы) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы (жалпы) немесе гуманитарлық ғылымдар саласындағы (жалпы) немесе қызмет көрсету саласындағы (жалпы) немесе құқық саласындағы (жалпы).

«Қазақстан-2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін және функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінің келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде, жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша орналасқан Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімінің аппаратына тапсырылуы тиіс.

Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтардың  өздері  қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы тапсырған құжаттары қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберілгені туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласы Бейбітшілік көшесі 1, (2-қабат) бөлме 12  мекен-жайда орналасқан Сарысу ауданы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

__________________________

(мемлекеттік орган)

 

 

 

Өтініш

 Мені______________________________________________________________________________________________________________________________________________________

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс телефоны_________________________________________

 

____________                                                    ________________________________

(қолы)                                                    (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

 

 

«___»_______________ 20 __ ж.